Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сот заңсыз ойын ұйымдастырушыларға үкім шығарды

15.02.2021, 12:30 367

HALYQLINE.KZ  Қызылордада заңсыз ойынға қатысты үш істің ақырғы нүктесін сот үкімі қойды.

Аталған заңсыздықтарды 2020 жылдың қазан-қараша айларында Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері анықтап, тергеу барысында қылмыстары толық дәлелденген болатын.

Қызылорда қаласының 36 және 24 жастағы екі тұрғыны өткен жылдың жазында ойын кеңселерін ашқан. Яғни, ғимараттарды жалға алып, біріншісі 6, екіншісі 15 компьютерге ғаламтор желісі арқылы ақшалай бәс тігу жолымен ойналатын интернет-казино құмар ойындарын іске қосқан. Компьютерлер жадында сақталған бірнеше бағдарламалар мен төлем жүйесіне сілтемелерді криминалист маман қорытындысы анықтаған.

Шиелі ауданы, Шиелі кентінде 1987 жылы туған, отбасылы азамат та дәл осындай мақсатта интернет-казино ашқан.

Қызылорда қалалық №2 соты және Шиелі аудандық соты үш азаматты да Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 307-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танып, бір жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Қылмыс орнынан алынған 25 компьютер процессоры, 29 монитор, 3 модем және 35520 теңге ақша мемлекет пайдасына алынды.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті

Қызылорда облысы бойынша ЭТД баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: