Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шиеліде энергетика саласы жаңа деңгейге көтерілді

18.08.2025, 12:10 202

HALYQLINE.KZ

Аудан әкімі Айтбай Жандарбеков Шиелі аудандық электр торабына арнайы барып, мекеменің бүгінгі жағдайымен және қызмет барысымен танысты. Аралау барысында аудан басшысы жақында толық жаңғыртудан өткен 220/110/35/10 кВ «Шиелі» қосалқы станциясының жұмысымен жіті танысып, сала мамандарымен кездесті.

«Облыстық энергетика басқармасы» КММ-нің тапсырысы негізінде толықтай жаңғыртылған жоба аясында:

Т-1 25000 кВА трансформаторы 40000 кВА-ға ауыстырылды;

Т-2 10000 кВА трансформаторы 16000 кВА-ға жаңартылды;

220/35 кВ майлы ажыратқыштар заманауи вакуумды ажыратқыштарға алмастырылып жатыр;

Жедел басқару пульті толық жаңартылып, заманауи құралдармен жабдықталды.

Аталған жобаның жалпы құны — 4,3 миллиард теңге.

Айта кетейік, жаңғырту жұмыстары аясында орнатылған негізгі құрал-жабдықтар Германия елінен әкелінген. Бұл өз кезегінде станцияның жұмыс сапасын арттырып, электрмен жабдықтау сенімділігін едәуір жақсартуға септігін тигізеді.

Аудан әкімі Айтбай Жандарбеков атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, энергетика саласының аудан үшін маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, сала қызметкерлеріне жауапты жұмыстарына табыс тілеп, электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету – тұрғындардың жайлы өмір сүруіне негіз болатынын жеткізді.

Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: