Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Руханият орталығының» құрылысы қарқын алды

20.11.2024, 8:45 70

HALYQLINE.KZ

Биыл Қазалы ауданында қарқынды жұмыстар атқарылуда. Бұл – ел экономикасының, аудан бюджетінің артуының жемісі. Әрине, аймақ басшысының қолдауының, қазынадан қаражаттың да қарқынды бөлуінің әсері деуге толық негіз бар. Көрікті мекеннің салтанатына сән қосылуы, жаңа ғимараттардың бой көтеруі де тұрғындардың ризашылығын арттыруда.

Әйтеке би кентінде құрылыс жұмыстарымен қатар аудан орталығын көркейту-көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Істеліп жатқан жұмыстардың да сапасы күнделікті аудан әкімінің бақылауында тұр.

Мұнымен қоса ауданның бас қақпасы саналатын теміржол вокзалы аумағы мен сол жердегі Әйтеке би алаңын, Жанқожа батыр көшесінің бойында орналасқан Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицей, аудан әкімдігі ғимаратының алдын және Жанқожа батыр кесенесінің аумағы абаттандырылуда.

– Қазыналы Қазалы ауданы – қашанда қайнаған қызу жұмыстың, тынымсыз тіршіліктің, қарқынды құрылыстың ордасы. Ауданда жүріп жатқан жүйелі жұмыстарға, әрбір жағымды жаңалық пен жаңаруға куә болып келеміз. Қазіргі таңда әрбір саланың толымды тірлігінің арқасында аудан экономикасы тұрақты дамып келеді. 2024 жылдың 9 айында аудан экономикасының әр саласында жүзеге асырылған жұмыстар Мемлекет басшысының жолдауынан туындаған міндеттерді жүзеге асыруға бағытталуда. Биыл көктем айы басталысымен, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, елде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы да басталды. Акция аясында аудан орталығы мен барлық елді мекендердің көшелері, аяқсу арықтары, саябақтар, скверлер, мекеме, кәсіпорын аумақтары, ауданның ішкі, сыртқы аймақтары қоқыстардан тазартылып, ағаш және гүл шоқтары отырғызылып, ғимараттардың қасбеттерін әктеу мен көше бойындағы шартақтар мен қоршаулар, жол белгілері, аялдамалар басқа да нысандарды әктеу, сырлау жұмыстары атқарылды. Ерлік пен батырлықтың үлгісіне айналған халық батырына арнап еңселі ескерткіш те орнатылды, – дейді аудан басшысы Мейрамбек Шермағанбет.

Биыл облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың бастамасымен Сыр өңірінде «Руханият жылы» болып жарияланды. Жыл аясында барлық ауданда «Руханият орталықтары» салынуда. Аудандағы құны 1,7 миллиард теңге болатын аталған нысанның қарқынды құрылыс жұмысы көз қуантады. Нысанның құрылыс жұмыстары толық аяқталғаннан кейін мұнда музей, кітапхана, мұрағат, неке қию залы, ардагерлер және аналар кеңесі, жастар орталықтары, азаматтық қоғам өкілдері мен тарихи-мәдени, рухани ұйымдарын біріктіріліп, типтік үлгідегі жаңа нысан аудан халқының игілігіне пайдалануға берілмек. «Руханият орталығының» құрылыс жұмыстарымен «АСАР» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мекемесі айналысуда.

Жұмабек  Табынбаев,

Қазалы  ауданы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: