Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ресейден келетін жанармайды, дизельді тосып отыруға мәжбүрміз

26.08.2025, 8:30 179

HALYQLINE.KZ

«Біз мұнай шикізатынан бөлек мұнай өнімдерін шығаруды арттыруымыз керек. Баламалы әдісті жетілдіру дегеніміз – осы. Өзіміз мұнай өндіре тұра, жанар-жағармай, дизель отынын шеттен тасимыз. Әсіресе Ресейден келетін жанармайды, дизельді тосып отыруға мәжбүрміз. Білесіз, бізде жыл сайын мұнай өңдеу зауыттары жоспарлы жөндеуге жабылады. 2022 жылы Қостанайда дизель бағасы 610 теңгеге бір-ақ шарықтады. Содан кейін «ҚазМұнайГаз» Павлодар мұнай-химия зауытында (ПМХЗ) жылына 160 мың тонна қысқы дизель отынын өндіретін жобаны іске асыруы керек болған. Жобаның құны 60 млн еуроға бағаланды. Биыл осы зауыт толық іске қосылып, жыл басынан бері қысқы дизельді өзімізде шығаруымыз керек еді. Қазір «ҚазМұнайГаз» жобаны іске қосуды 2026 жылға шегерді. Жобаның не себептен кешіккенін, неге уақытында қосылмай жатқанын ешкім түсіндірмейді. Ал енді қазіргідей мұнай бағасы арзандап, ОПЕК+ шешімі қайта-қайта өзгеріп жатқан тұста шикі мұнайдан алынатын қосымша өнімдерді де сыртқа саудалап отырсақ, қалтамыз тесіліп, бюджетіміз ортаймас еді. Мұндай ауқымды жобалардың уақытында орындалуын қатаң қадағалай алмай отырған үкімет ертең мұнай бағасы құлдыраса, қандай жағдайға тап болатынын болжау қиын емес».

Жаңабай АЛДАБЕРГЕНОВ,

экономика ғылымының докторы, профессор.

(«Жас Алаш» газетіне берген пікірінен)

Көрнекі сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: