Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ресей қазақтың 1 гектар жерін 1050 теңгеге жалға алып отыр

05.05.2023, 9:57 347

HALYQLINE.KZ Мәжілісінің депутаты Серік Егізбаевтың айтуынша, еліміз дүниежүзінде жер көлемі жағынан 9 орын алады. Алайда біздің ел күні бүгінге дейін ауылшаруашылығына пайдалы жерлерді тиімді пайдалана алмай келеді. Мысалы, Ресей Қазақстанның 1 гектар жерін ұзақ уақыттан бері 1050 теңгеге жалға алып отыр дейді.

  – Ресей 1995 жылдан бері еліміздің 8,5 миллиона гектар жерін әскери сынақ алаңдарына пайдаланып келе жатқанын білесіздер. Бір гектар жерді 1050 теңгеге жалға береді екенбіз. Мұндай ақша жерді күтіп-баптауға жарай ма? Аталған сома 2005 жылдан бері өзгерген жоқ. Жердің арендасы қашан бітеді? Жерімізді Ресейге жалға кім берді? –  деп сауал тастады.

Депутат  еліміздің барлық өңірінде адамдар шаруа қожалықтарын аша алмай, жайылымдық жерлер таппай жатқанын, осы проблеманы шешу үшін  алдағы уақытта жайылымдық жерлер туралы арнайы заң қабылдану керектігін атап өтті.

Ресейдің Қазақстан жерлерін әскери сынақ алаңы үшін жалға алу мерзімі 2030 жылы ғана қайта қаралады екен.

Айта кетейік, Қазақстанда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы жер көлемі 220 млн гектар. Оның 187 млн гектар жері мал жайылымдарына арналған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: