Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалықтар балық өсіруді қолға алады

24.01.2024, 22:20 282

Балық шаруашылығы – өңірдің экономикалық дамуына әсер етуші және халықты жұмыспен қамтудың негізгі саласы ретінде аса маңызға ие. Осыған сәйкес, балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған бағдарлама аясында биыл 1000 тонна балық өсіру жоспарлануда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жансұлтанұлы хабарлады.

– Жалпы облыс бойынша Кіші Арал теңізі, Сырдария өзені және 201 көл тізімге алынып, бүгінде үш мыңнан астам адам балық шаруашылығымен тұрақты айналысады. Былтыр облыс көлемінде 6097 тонна балық ауланып, 3394 тонна балық өнімі 13 шет мемлекетіне экспортқа шығарылды. Сонымен қатар, 2023 жылы 837 тонна балық өсіру жоспарланса, бүгінде тауарлы балық өсіру көлемі 426 тоннаға жетті, – деді Қайрат Жансұлтанұлы.

Айта кетейік, өңірде 7 тор қоршама, 8 тоған, 2 сумен қамтамасыз ету циклі тұйықталған және 76 көл-тауарлы балық өсіру шаруашылығы жұмыс істейді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: