Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада мал басы өсіп келеді

12.07.2024, 9:20 120

HALYQLINE.KZ

Бүгінде өңірдегі ауыл шаруашылығы саласы қарқынды даму үстінде. Әсіресе, мал шаруашылығын дамытуға жасалған қолдаулардың нәтижесінде облыстағы төрт түліктің саны өсіп, өнімі де ұлғайып келеді. Мәселен, биыл мүйізді ірі қара өткен жылмен салыстырғанда 7,6 пайызға өскен. Ал, қой мен ешкі басы 878,3 мыңды, жылқы басы 260,3 мыңды құрап отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында саладағы өзгерістер мен жаңашылдықтарды баяндаған ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Ерсұлтан Апетов айтты.

– Өңірдегі ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуеті жыл сайын артып келеді. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2023 жылдың 1 мамырына облыстан 12,5 млн долларды құрайтын 22 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі, яғни күріш, балық өнімдері, күріш қалдығы, қамыс әлемнің 15 мемлекетіне экспортталды. Одан бөлек, өткен жылы «Ауыл аманаты» жобасы аясында 406 жоба несиелендіріліп, нәтижесінде 713 жаңа жұмыс орны ашылуда. Оның ішінде 275 адам жаңадан кәсібін ашқан болса, 438 қосымша жұмысқа тартылды. Биыл да республикалық бюджет есебінен 575 жоба қаржыландырылып, 610 жұмыс орнын ашу көзделіп отыр. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу заңнамасына сәйкес сенім білдірілген өкіл айқындалып, келісімшарт жасалды. 2024-2026 жылдары іске асырылатын инвестициялық жобалардың жол картасы бойынша 30 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Сондай-ақ, биыл 13 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Қазіргі таңда 2 жоба іске қосылып, 9 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілуде, – деді Ерсұлтан Амантайұлы.

Көрнекі сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: