Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда-Жезқазған жолын салу барысында кемшіліктер анықталды

04.07.2025, 9:15 185

HALYQLINE.KZ

Мамандар жыл басынан бері жол-құрылыс материалдарынан 201 сынама алып, оның 11-інен ақау тапты, деп жазады inbusiness.kz.

Жол активтері сапасының ұлттық орталығы Қызылорда облыстық филиалының өкілдері Қызылорда-Жезқазған жолының сапасын тексерді.

40 жылда бірде-бір рет жөндеу көрмеген күре жолды қайта жаңғырту жұмысы қызу жүріп жатыр. Оның 204 шақырымы облыс территориясынан өтеді. Бүгінде соның 180 шақырымнан астам бөлігіне асфальт жабындысы салынды. Жаңадан төселген жол жабындысынан алынған 8 сынама стандартқа сәйкес болмай шықты. Соның 4-еуіі қайта асфальтталып, қалпына келтірілді. Мердігерлер енді басқа кемшіліктерді түзеуге күш салып жатыр.

Қызылорда-Жеқазған жолының Қызылордадағы бөлігін биыл аяқтау жоспарланған. Ал Ұлытау бөлігіндегі жұмыс басталып кетті.

Көрнекі сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: