Соңғы жылдары Қызылорда құрылысы қарқынды қалаға айналды. Білім саласы бойынша «Жайлы мектептер» бой көтеріп, салаға лайықты көңіл бөлінуде. Бүгінде 4 мектептің құрылысы аяқталса, қалған 5 мектеп 2025 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Құрылыс саласындағы қарқынды жұмыстар легін облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ерлан Төрәлиев тізбектеп берді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
– Денсаулық саласы бойынша 22 құрылыс нысаны жүргізіліп, 15-і пайдалануға берілді. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында республикада алғашқы болып 9 амбулатория мен 2 фельдшерлік-акушерлік бекет пайдалануға беріледі.
Сонымен қатар, Қызылорда қаласында 300 орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жүргізілуде.
Бұған дейін, қаламыздағы Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасқан Қан орталығы ел игілігіне табысталды. Сондай-ақ «Руханият жылы» аясында аудандарда 7 «Руханият орталығы» бой көтерді. Әзірге олардың екеуі халық игіліне жұмыс істеуде. Аймағымыздың ажарын айшықтай түскен ғимараттардың бірі – Өнер орталығы. Мәдениет саласына да лайықты көңіл бөлінуде. Облыс орталығында халықаралық стандарттарға сәйкес 11 мың орындық орталық стадион, жабық бассейні бар көпсалалы дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда. Жақын арада Қызылорда қаласында «Қызылорда Арена» көпбейінді спорт кешенінің құрылысы басталады.
Биыл бюджеттен тұрғын үй құрылысына және жеке салушылардан дайын пәтерлер сатып алуға қажетті қаржы бөлініп, 2500-ден астам пәтер сатып алынды. Атап өтетін жайт, облысымыз халықтың әлеуметтік осал топтарына тұрғын үй сатып алу бойынша республикада 2-орында тұр.
Бүгінде тұрғын үй құрылысы бойынша барлығы 1910 пәтерден тұратын 33 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде, – деді Ерлан Кәрімбекұлы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!