Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда облысында 1,8 трлн теңгеге инвестициялық жобалар жүзеге асырылады

19.02.2025, 11:20 49

HALYQLINE.KZ

Қызылорда облысында экономиканы әртараптандыру мақсатында өткен жылы 21 инвестициялық жоба жүзеге асырылды.

– 2025-2029 жылдары аймақта құны 1,8 трлн теңге болатын 66 инвестициялық жоба іске асырылып, жаңа жұмыс орындары ашылатын болады. Қазақстан-Германия, Қазақстан-Корея форумдары аясында қол қойылған меморандумдарға сәйкес биылғы жылы «Хорн» неміс технологиясы бойынша жылына 220 млн дана шыны бөтелкелерін шығаратын және кореялық «Уиз-Ю» компаниясымен тұрмыстық қалдықтар өңдейтін зауыттарының құрылыстары басталады. «Қызылорда Саз-М» серіктестігі жылына 90 млн дана заманауи кірпіш шығаратын зауыттың құрылысын биыл аяқтап, пайдалануға беретін болады, – деді Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов өңірлік коммуникациялар қызметінде берген брифингте.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: