Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Құрылыс сапасы: 34 жоспардан тыс тексеру жүргізілді

16.01.2025, 17:10 88

HALYQLINE.KZ

Қызылорда облысы бақылау жөніндегі басқармасының ұйытқы болуымен 2024 жылы бірқатар нәтижелі жұмыс атқарылды. 34 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, нәтижесінде анықталған заңбұзушылықтарды жою жөнінде 19 нұсқама берілді. Оның 16-сы орындалса, біреуі – орындалу сатысында. Қалған екеуі сотпен қаралуда. Жүргізілген тексерулер нәтижесімен сәулет-құрылыс бақылау саласындағы заңнама талаптарын бұзған тұлғаларға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғалып, тиісті шаралар қаралған. Бұл туралы аймақтың бас ақпарат алаңында облыстық бақылау жөніндегі басқармасының басшысы Марат Мырзабеков мәлімдеді.

– 2024 жылы жеке және заңды тұлғалардан 630 өтініш түсіп, оның 85-і қарау реттілігімен басқа органға жолданса, қалған 545-і заңнама талаптарына сәйкес тиісті шаралар қабылданып жауаптар берілген.

Жалпы өтініштерді қарау тәртібі мен мерзімдерін бұзу деректері болған жоқ. Мемлекеттік бюджет және жеке инвестициялар есебінен салынатын нысандарда құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы түскен 3056 хабарламаның заңдылығы тексеріліп, оның 1805-і тізілімге енгізілсе, 1251 хабарлама заңнама талаптарына сәйкес рәсімделмеуі себепті кері қайтарылды. Сондай-ақ, 2757 нысанды пайдалануға қабылдау туралы актінің 1338-іне оң қорытынды, 1419 актіге теріс қорытынды берілді. Сол сияқты, 70 аккредиттелген техникалық қадағалау ұйымдарынан «Е-Qurylys» жүйесіне 4135 айлық есептері түсіп, оның 2983-і қабылданса, 1152-і ескертпемен қабылданды, – деді Марат Салқадинұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: