Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Құрылыс нысандары тексерілді

04.12.2024, 11:50 41

HALYQLINE.KZ

Кеше аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасымен Қызылорда облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеуімбетов, облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов және жауапты сала басшылары Жалағаш ауданындағы құрылыс нысандарында болды. Бұл туралы Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Облыстық мәслихат төрағасы бастаған жұмысшы топ Қаракеткен елді мекеніндегі дәрігерлік амбулатория құрылысымен танысты. Құрылыс монтаж жұмыстары маусым айында басталып, жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған. Қазіргі уақытта 85 пайыз жұмыс көлемі атқарылған.

Бұдан кейін жұмысшы топ Жалағаш кентінен салынып жатқан тұрғын үйлердің жұмысымен және «Руханият орталығы» құрылысымен танысты. Бүгінгі күнге 90 тұрғын үй сатып алынды. 10 тұрғын үй сатып алуға құжаттарын дайындауда. 20 үйдің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Биылғы «Руханият жылында» Қызылорда облысының өнер және мәдениет саласында жаңа жобаларды жүзеге асыру жоспарланғаны белгілі. Облыстың барлық ауданында тәулік бойы жұмыс істейтін кітапханалары бар «Руханият орталықтары» салынуда. Аудандағы аталған орталық құрылысының 85 пайыз жұмыс көлемі атқарылған. Бүгінгі таңда 87 адам, 4 техника жұмыс істеуде. Орталықтың ғимараты жыл соңына дейін пайдалануға берілетін болады.

Айта кету керек, облыс әкімі құрылыстың сапасына баса мән беріп, жұмысты уақытылы аяқтауды үнемі тапсырып келеді. Сондай-ақ, егер кемшілік болса, мердігер мекемелер есебінен қалпына келтірілетінін ескертті.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: