Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қорқыт ата» әуежайы күніне мыңға жуық жолаушыға қызмет көрсетеді

19.11.2024, 8:55 94

HALYQLINE.KZ

Қызылордада соңғы технологиямен жабдықталған жаңа терминал ашылды. «Қорқыт ата» әуежайының жаңа терминалы «Болат Өтемұратов қорының» жеке қаражаты есебінен салынды. Жаңа терминалда екі телескопиялық трап пен екі лифт, екі эскалатордан бөлек, ана мен бала бөлмесі және намаз оқитын орын қарастырылған. Сонымен қатар, ішкі және халықаралық рейстерге арналған залдар, транзиттік жолаушылар залы, СІР-зал, жүкті автоматты түрде беру жүйесі, «Duty Free» аймағы мен сауда нүктелері, медициналық бөлім, жолаушыларды тіркеуге арналған 8 орын және 5 өзін-өзі тіркеу орындары, 10 төлқұжат бақылау кабиналары орналасқан. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз турында «Қорқыт ата» әуежайының Басқарма төрағасы Баян Ажмолдаев айтты.

– Жаңа терминалдың көлемі 7 500 шаршы метрді құрайды. Мұнда сағатына 250 жолаушыға, ал жылына 2 миллион жолаушыға қызмет көрсету мүмкіндігі бар. Ескі терминалмен салыстырғанда жаңа терминалдың көлемі үш есе үлкен. Заманауи стандарттарға сай салынған нысанда жолаушылар үшін барлық жағдай жасалған. 12 қарашада Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Үкімет басшысының қатысуымен салтанатты түрде ашылған болатын. Сол уақыттан бері барлық рейс осы жаңа тенминал арқылы қабылданып жатыр. Қазіргі таңда әуежайда 210 қызметкер жұмыс істейді. Жаңа терминалдың іске қосылуы 50 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. Әуежай аптасына 26 рейсті жүзеге асыруда, оның 17-сі Астана қаласына, 9-ы Алматы қаласына бағытталған. Келесі жылы «Қызылорда-Көкшетау» рейсін ашу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, Атырау мен Ақтау қалаларына ұшу бағыттарын іске қосу үшін әуе компанияларымен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Өздеріңіз білесіздер, жазғы уақытта «Қызылорда – Анталия» чертерлік рейсі орындалған еді. Бұл рейс келесі жылдың жазғы уақытында жалғасын табады, – деді Баян Ғарифоллаұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: