HALYQLINE.KZ Қазақстанның төлем карталары нарығы белсенді өсу қарқынын көрсетіп отыр. Қазақстандық карталармен барлығы 52 трлн теңгеге 3,2 млрд операция жүргізілген. Бұл 2019 жылға қарағанда 1,7 есе жоғары, – деп хабарлайды ҚҰБ баспасөз қызметі.
Төлем карталарымен жасалған он транзакцияның тоғызы қолма-қол ақшасыз жасалған. 2020 жыл ішінде қазақстандық эмитенттердің төлем карталарын қолдана отырып, 35,3 трлн теңгенің 2,9 миллиард қолма-қол ақшасыз операциясы жүзеге асырылды. Бұл 2019 жылғы көрсеткіштен, сәйкесінше, 2,4-2,5 есе асып түседі.
Пандемия өз түзетулерін енгізіп, қолма-қолсыз транзакциялар мен интернет-дүкендердің көбеюіне алып келді. Бұл қолма-қол ақша алу санының азаюымен расталады. 2020 жылы олардың саны 21%-ға азайды (297 млн операция). Төлем карточкаларын ұстаушылар 16,6 трлн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырды.
Ағымдағы жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша 49,3 миллион төлем картасы айналымында болды. Төлем карталары арқылы тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу инфрақұрылымы да кеңейіп келеді. Төлем карталарын қабылдайтын кәсіпкерлер саны артты. Карта арқылы төлем қабылдайтын кәсіпкерлер саны – 108 мыңнан, ал сауда нүктелері – 169 мыңнан асты. Қазақстанда барлығы 203 мың POS-терминал жұмыс істейді.
2019 жылмен салыстырғанда, карта арқылы төлем қабылдайтын бөлшек сауда орындары (26%-ға) мен POS-терминалдардың (26%-ға) көбейгені байқалады. 2020 жылдың соңына қарай POS-терминалдардың 86%-ы контактсыз төлем функциясын қолдаған.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!