HALYQLINE.KZ 2020 жылы ел тұрғындарының жан басына шаққандағы орташа табысы артып, 116 мың теңгеден сәл асты, деп хабарлайды ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы.
«2020 жылы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары айына орта есеппен 116 126 теңгені құрады және атаулы мәнде 2019 жылмен салыстырғанда 11,4% өсті. Осы кезеңдегі тұтыну тауарлары мен көрсетілетін қызметтерге бағалардың 6,8% өсімі кезінде халықтың нақты ақшалай табыстары өткен жылмен салыстырғанда 4,3% жоғарылады.
2020 жылы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарының мөлшері бойынша ең жоғары мәні Атырау облысында байқалды, онда осы көрсеткіш орташа республикалық деңгейден 2 есеге жуық артты», – делінген ведомство хабарламасында.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!