Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстан 340 млн еуро қарыз алады

08.07.2022, 14:45 391

HALYQLINE.KZ

Қазақстан Дүниежүзілік банкке қарайтын Халықаралық қайта құру және даму банкінен 346 млн еуро қарыз алады. Бұл жөнінде ҚазТАГ агенттігі хабарлады.

«Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы қарыз алу (жеке секторға негізделген даму саясатын қаржыландыру және экономиканы тұрақты қалпына келтіруге бағытталған) жайлы ұсынылған келісім жобасы мақұлдансын» деп жазылған президент Қасым-Жомарт Тоқаев жарлығында.

Құжат заңды күшіне енген.

Келісімде банктің қарыз берушіге 345,7 миллион еуро қаражат беруге келіскені, аталған сома кезең сайын валюта бағамына сай конвертациялануы мүмкін екені жазылған. Қарыз комиссиясы несие көлемінің 0,25 процентін құрайды.

Құжатқа сәйкес, Қазақстанның бағдарлама аясында қолданған шаралары «бәсекеге қабілетті экономиканы қолдауға», оның жеке сектор мен есеп бергіш мемлекеттік сектор, сонымен бірге экономиканың тұрақты ауысуының негізін құру.

Қазақстан 2033 жылдың 15 сәуіріне дейін барлық қарызды өтеп бітуі тиіс.

2020 жылы Қазақстан халықаралық қаржы ұйымдарынан коронавируспен күреске деп екі млрд доллардан астам қаражат алған. Басым бөлігі Азия даму банкінен алынған.

2022 жылдың 1 қаңтар күнгі мәлімет бойынша, Қазақстанның сыртқы қарыз көлемі – 165,1 млрд доллар. Бір жыл ішінде көрсеткіш 0,3 пайызға артқан.

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының мәліметінше, мемлекет қарызы көбейген шақта 2021 жылы алтын валюта қоры мен Ұлттық қор активтерінің едәуір қысқаруының салдарынан елдің сыртқы қарыз тұрақтылығы көрсеткіші нашарлаған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: