Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазалыда егін шаруашылығында су үнемдеу технологиясы қолданылуда

18.09.2025, 9:50 139

HALYQLINE.KZ

Бүгінде өңірде Мемлекет басшысының егін шаруашылықтарына су үнемдеу технологияларын енгізу жөніндегі тапсырмасына сәйкес және Сырдария өзеніндегі су деңгейінің төмен болуына байланысты суды үнемдеп, егісті әртараптандыру бағытында бірқатар жұмыс атқарылуда.

Қазалы ауданындағы «РЗА» акционерлік қоғамының «РЗА-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – су үнемдеу технологияларын енгізген алдыңғы қатарлы ауыл шаруашылығы кәсіпорыны. Негізгі бағыты – ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу. Биыл шаруашылық 4437 гектар жерге егін екті. Оның 2238 гектары – күріш, 419 гектары – жүгері, 702 гектары – жаңа жоңышқа және 1347 гектары – ескі жоңышқа. Шаруашылықта 210 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Соңғы жылдары өңірде болған су тапшылығына байланысты шаруашылық 2021 жылдан бері су үнемдеу технологияларын енгізе бастады. Бұл мақсатта 600 миллион теңгеге арнайы жобаны жүзеге асырды. Германиядан дренажды құбырлар мен арнайы соқа сатып алып, Испаниядан әкелінген жаңбырлатып суару жабдығы орнатылды. Жаңа технологиялар суды тиімді пайдалануға, өнімділікті арттыруға, экологиялық тұрақтылыққа айтарлықтай оң ықпал етуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: