HALYQLINE.KZ Қазалы ауданында өткен жылы 21,2 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілді. Ауданнан Ресей, Беларусия, Дания, Германия, Тәжікстан, Қытай, Нидерланды елдеріне 3374,3 тонна күріш, 893,7 тонна балық, 711,1 тонна қамыс экспортқа шығарылды. Әртараптандыру бағытындағы дақылдардың егіс көлемін ұлғайтуға ерекше мән берліп, 17402 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды.
Cу тапшылығының алдын алу үшін 6 дана көтерме насос сатып алынып, коллекторлар жөндеуден өткізілді. Нәтижесінде қазалылық еңбеккерлер қамбаға 21 мың тонна Сыр салысын құйып, Қазалы ауданы «Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласынан үздік аудан» атанды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!