Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қаржы агенттігі: Ресей астығы Орталық Азия елдеріне Қазақстан астығы ретінде 1 миллиард теңгеге сатылған

25.07.2023, 16:00 148

HALYQLINE.KZ

25 шілдеде Қаржы бақылау агенттігі Павлодар облысында Ресей бидайын Қазақстан астығы ретінде экспорттау үшін жасаған жалған келісімшарттар жасаған күдікті анықталғанын хабарлады.

Баспасөз мәліметіне қарағанда, күдікті адам «2021-2022 жылдар аралығында 26 мың тонна Ресей бидайын Орталық Азия елдеріне (Ауғанстан, Тәжікстан, Өзбекстан) қазақстандық өнім деп жазылған жалған шот-фактуралар бойынша 1 млрд теңгеден астам сомаға экспорттаған. Осылайша, жалпы сомасы 460 млн теңгені құрайтын халықаралық транзиттік тариф бойынша тасымалдау төлемдерін төлеуден жалтарған».

Сотқа дейінгі тергеу аяқталған. Күдікті деп танылған адамның бұл айыптау жөніндегі пікірі белгісіз.

Бұған дейін Қазақстан парламентінің сенатында Ресейден Қазақстанға жалған құжаттармен астық заңсыз тасылып жатқаны айтылған болатын.

Қазақстан депутаттарының сөзінше, Ресей астығын Қазақстан астығы деп көрсету арқылы Ресей мен Қазақстан кәсіпкерлері салықтан жалтаруды көздейді.

Ресми мәліметке қарағанда, 209 жылдан 2023 жылдың мамыр айына дейін Солтүстік Қазақстанға 450 мың тоннадан артық астық Қазақстан астығы болып кірген. Әрі қарай Өзбекстан, Ауғанстан, Тәжікстанға экспортталған.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: