Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын дамытуға ерекше көңіл бөлініп жатыр

14.08.2022, 15:00 254

Елімізде шағын және орта бизнеспен айналысатын кәсіпкерлерге соңғы уақытта қолдау артқан. Сонымен қоса «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын дамытуға ерекше көңіл бөлініп келе жатыр. Бұл жеңіл өнеркәсіп орын­дарының нарыққа ұсынып жатқан тауарларының тізбегін құрайды. Оның қатарына киім, тоқыма, жиһаз, азық-түлік өндіретін және ішкі-сыртқы саудаға импортқа шығатын өнімдер кіреді. Бұл саланы дамытудың маңыздылығы жөнінде ҚР Тұңғыш президенті Н.Назарбаев та «Қазақ­стандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арт­тыру» Жолдауында және мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Cындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» халыққа арнаған Жолдауында атап  өткен  болатын.

– «Пандемия кезінде мемлекет азаматтарға және кәсіпкерлерге ауқымды әрі жедел қолдау көрсетті. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы  өзінің тиімділігін дәлелдеді. Оны жүзеге асыру барысында 3,5 мыңнан астам жоба іске қосылды. Сондай-ақ, 70 мың жұмыс орны ашылды. Өндірілген өнім мен қызметтің жалпы құны 3,5 трлн теңге болды. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасының арқасында 66 мың жоба мемлекет тарапынан қолдау тапты. Бұл 150 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға және сақтап қалуға септігін тигізді»,  –  деді  Қ.Тоқаев.

Мұндай саланы дамытудың негіз­гі мақсаты – өңдеу мен агроөнеркәсіп өндірісін барқарушылардың жұмысын жандандырып, кәсіпкерлікті қолдау. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойын­ша жұмыс істейтін азаматтар­дың жобасын қолдап, екінші деңгейлі банктерден, атап айтқанда, «Қазақстанның­ХалықБанкі» АҚ, «First heartland Jusan Bank» АҚ, «Сбербанк» АҚ, «Банк Центр­Кредит» АҚ, «АТФБанк» АҚ, «ForteBank» АҚ, «Еуразиялық банк» АҚ, «Bank RBK» АҚ, «Нұрбанк»  АҚ, «Alfa-Bank» АҚ-тан несиелеу шара­сын жүзеге асырады. ҚР Ұлттық Банкі өз қаражаты және оның бас­қаруындағы қаражат есебінен жылдық 11 пайызға дейінгі кірістіліктің жиынтық  мөлшерлемесі бойынша 10 жылға дейінгі өтеу мер­зімімен 1 трлн  теңгеге  дейінгі  сомаға ЕДБ мен АКК облигацияларын сатып алуды жүзеге асырады. Оның ішінде 600 млрд теңге агро­өнеркәсіптік кешенді қайта өңдеу мен өндіріске, қалған 400 млрд теңге өңдеу өнеркәсібі мен көрсетілетін қызметке бағытталады. Агроөнеркәсіп кешеніне бағытталған қаражат аграрлық несие корпорациясы, ал өңдеу өнеркәсібімен көрсетілетін қазметтерге қаражат екінші деңгей­лі банктер арқылы 15 пайызбен кәсіпкерлерге несие беру көзделген. Дегенмен бұл несиенің пайыз­дық мөлшерлемелері мемлекеттік субси­дияның есебінен жеңілдетілді. Бағдарламаның  іске  асырылуы  3 жылға негізделген болатын, деген­мен, жыл басында елімізде жаппай тәрсіпсіздіктен зардап шеккен кәсіпкерлерді қолдау мақсатында 2022 жылдың соңына дейін ұзартылған.

Бүгінгі  күнде  бағдарлама  аясында Қызылорда  облысында жалпы құны 14,7 млрд  теңгені  құрайтын 176  жоба  қаралып, оның  ішінде  10,7 млрд теңге болатын 128 жоба өтінімі  мақұлданды.

Атап айтқанда, 2019 жылы – 49 жоба (7,4 млрд теңге), 2020 жылы –  60  жоба  (1,9 млрд  теңге),  2021  жылы – 15  жоба (1,4 млрд теңге), 2022 жылдың 6 айында 4 жобаға (292 млн теңге) үкімет қаражат бөліп, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясын­да кәсіпкерлер жұмысын бас­тауда. Қандай бағдарлама болмасын өз деңгейінде нәтиже береді. Аймақта өндіру саласы да даму үстінде, өткені бұған дейін өндіріс саласына біздің техникалық база қауқарсыз еді. Түрлі шетелдік станоктарды қажет ететін шаруаға қолдау құлдыраған уақыт та болған. Қазір сырт елдерден техника алу аса қиынға соқпайды. Бұл өндіріс орнын ашушы кәсіп иелері үшін де пайдасын беруде. Сондықтан алдағы уақытта тұтынуға қажетті өнімдерді 100 пайыз елімізде өндіріп, дамыған елдер қатарына енеміз деген сенім мол.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: