Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қала қазынасы салықтан құралады

02.08.2023, 12:15 172

HALYQLINE.KZ

Дамыған елдерде айтылатын мынандай сөз бар екен. «Бірінші ажалдан, екінші салықтан құтыла алмайсың». Яғни көптеген елде салық төлеу мәдениеті қалыптасқан, салық төлемеген адам қоғамнан оқшауланады. Бір сөзбен айтқанда, салық – елді өркендетудің маңызды бөлшегі, халықтың қазынасы. Сол арқылы айлық аламыз, зейнетақы, шәкіртақы беріледі. Бұл – қоғамдағы үнемі айналымда болатын механизм. Сол сияқты қаланың қазынасы да салықтан құралады. Мұны қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Фердоуси Қожабергеновтың 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстар туралы баяндамасынан бағамдадық.

Жылдың алғашы алты айында мемлекеттік бюджеттің салықтық түсімдері 45 млрд 488,2 млн теңгені құраған. Оның ішінде республикалық бюджет бойынша салықтық түсімдер 34 млрд 639,6 млн теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда түсім 3 406,3 млн теңгеге артқан. Ал, жергілікті бюджеттің түсімі – 10,8 млрд теңге, 2022 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда түсім 4,8 млрд теңгеге көбейген. Сондай-ақ, салық базасын ұлғайту бағытындағы әкімшілендіру және камералдық бақылау жұмыстарының нәтижесінде бюджет кірісіне қосымша 1 млрд 450 млн теңге алынған.

2023 жылдың 1 шілдесіне жеке тұлғаларды қоспағанда барлығы 39 376 салық төлеуші тіркелген, оның ішінде 31 499 салық төлеуші – дара кәсіпкер. Есепті кезеңде салық төлеушілерге 156 496 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Мерзімінде өтелмеген салық міндеттемелерін мәжбүрлеп өндіру шараларымен борышкерлердің мемлекет алдындағы қарызы 1 млрд теңгеге, яғни 33,2 пайызға азайтылған.

Бұдан бөлек, брифингте басқарманың есепті кезең ішінде атқарған бюджет кірісін қамтамасыз ету бағытындағы салықтық әкімшілендіру шаралары, жеке тұлғалардың банкроттығы, жалпыға бірдей декларациялау сияқты жұмыстар туралы баяндалды.

– «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы шеңберінде бюджет кірісін қамтамасыз ету үшін салық төлеушіге сапалы қызмет көрсету, салық салу мәселелерінде халықтың салық сауаттылығын арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыратын боламыз, – деп сөзін түйіндеді басқарма басшысы.

Халық-хабар

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: