Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Өткен жылы облыстың бюджеті 100,7 пайызға орындалды

11.02.2022, 10:45 414

HALYQLINE.KZ Облыстың бюджет қазынасы 2021 жылдың қорытындысымен 100,7 пайызға орындалып, 2,6 млрд.теңге қаржы артық түсті. Кірістер көлемі – 102,7 пайызды құраса, шығыс жоспары 98,1 пайызға орындалды. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық қаржы басқармасының басшысы Елена Шаврова мәлімдеді.

– Аймақ бюджетінің шығыс жоспары 98 пайызға игерілді. Ал игерілмеген қаржы көлемі – 7,5 млрд теңгені құрады. Оның 3,6 млрд теңгесі бюджет қаржысының үнемделуінен болса, 3,9 млрд теңге басқа да субьективті салдардан орындалмады. Жалпы бөлінген қаржылардың уақытылы игерілмеуінің негізгі себебі – мердігерлер мен тауар жеткізушілердің өз міндетін толық орындамауынан болды. Жалпы жыл басынан бері коммуналдық меншіктегі нысандарды жекешелендіру арқылы бюджетке 294,5 млн теңге түсті. Бұл – соңғы 5 жыл ішінде болған ең жоғарғы көрсеткіш. Сондай-ақ, жекешелендірудің кешенді жоспарына 13 нысан енгізілген. Оның 9-ы – коммуналдық меншіктегі нысан. Ашық электронды сауда-саттыққа тозығы жетіп ұсынылған 100 автокөлік пен бір ескі ғимарат аукцион арқылы сатылып, бюджетке 60,0 млн теңге қаржы түсті, – деді басқарма басшысы Елена Шаврова.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: