HALYQLINE.KZ Бүгінде Қызылорда облысы 46 мемлекетпен сауда-экономикалық байланыс орнатқан. Оның ішінде, негізгі серіктестер: Ресей, Өзбекстан, ҚХР, Швейцария, Германия, Италия.
Осы жылдың қаңтар-маусым айларында облыстың сыртқы сауда айналымы 412,6 млн АҚШ доллар құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 есеге артты.
Дәлірек айтсақ, экспорт – 324,7 млн АҚШ доллар (2,7 есеге артты), импорт – 87,9 млн АҚШ доллар (1,8 есеге артты). Cондай-ақ, облыстың жалпы сыртқы сауда айналымы құрылымындағы өңделген тауарлар экспортының үлесі 83,1 млн АҚШ доллар құрап, 8,7 пайызға өсті. Осылайша, сыртқы сауда айналымында 236,8 млн АҚШ доллар мөлшерінде оң сальдо қалыптасты.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!