Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Өндірісті көрмеген адамдар жоба жасайды

07.02.2025, 14:00 66

HALYQLINE.KZ

Энергетика министрлігінде отырғандардың көбі шетелде оқып келгендер. Өндірісті көрмегендер. Тәжірибелері жоқ. Өндірісті көрмеген адамдар отырып алып ұсыныс айтады, жобалар жасайды. Олай болмайды. Өндірісті көрген, зауыттардың, кен орындарының жайын білетін адамдар болмаса, бұл саланы кабинетте отырып алып дамыта алмаймыз. Мәселен, мұнай-газ саласында табыстың көбі шетелге кетіп жатыр. Біздің үкімет кезінде Қашағанды игерушілермен келісімге келгенде «Өнімді бөлу келісімі» жасалған. Бұл келісімде 80/20 пайыздық формуласы қолданылады. Сонда мұнайдан түскен ақшаның 80 пайызын игеріп жатқан шетелдік инвестор алады. Бізде қалатыны 20-ақ пайыз. 2042 жылғы лицензия мерзімі аяқталғанша біз Қашағаннан табыс көрмейміз. Егер елдегі мұнайдың 30 пайызы ғана елде дайын өнімге дейін өндірілетін болса, біз сұйытылған газға да, жанармайға да, дизельді отынға да, мазутқа да, күкіртке де қарық болар едік. Осыны зерттеместен, ғылыми-технологиялық базаны жетілдірместен бізде «түрлі жобалар жүзеге асырылып жатыр» дейді. Бізде мәселеге ғылыми тұрғыда қарау жоқ. Сауатты мамандар легін жасақтау жоқ. Мұнай өңдейтін компанияларды мемлекеттік бақылау жоқ. Бұған Ресейге салынған санкциялардың екпінін қосыңыз. Әрбір кен орындарының қасында, мұнайды өңдейтін зауыттардың жанында ғылыми-зерттеу орталықтары болуы керек еді. Олар алған өнімді ең соңғы дайын өнімге дейін жеткізу жағын мамандарға үйретіп, кәсіби-техникалық орта қалыптасуы қажет еді. Оның бірі болмаса да болашаққа жоспарларды құра береміз, сол құртады.

Меңдеш  САЛИХОВ,

мұнай-газ саласының қайраткері.

«Жас Алаш» газетіне берген пірінен алынды.

Коллаж: egemen.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: