15 ҚАРАША – ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА КҮНІ
Еліміздің Тәуелсіздік тұғыры беки түскеннен кейін ел экономикасында елеулі өзгерістер болды. 1993 жылдың 12 қарашасында «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Заңына қол қою басталды. Араға үш күн салып, ел ішінде жаңа сауда-саттық жасау құралы ретінде теңге қолданысқа енді. Осылайша, ұлттық валютаның қолданыста барына биыл 30 жыл толып отыр. Осы жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында облыстық экономика және қаржы басқармасының басшысы Қамбарбек Мүбараков айтты.
– Теңгенің қолданысқа енуі – экономикалық және саяси тұрақтылыққа әкелген маңызды жетістік. Бұл елдің тәуелсіздігін, егемендігін нықтаған қадам болды. Биыл экономикалық дамудың макрокөрсеткіштері бойынша облыста оң динамика қалыптасып, республика көлемінде қаржы игеру бойынша 1-орынға тұрақтадық. Жақында облысымызға арнайы жұмыс сапарымен келген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жоғары бағасын берді. Облыстың қаржы қазандығында 1993 жылы бар болғаны 135 миллион теңге, қаржыгерлердің біліктілігі мен еңбегінің нәтижесінде жыл өте еселеніп, биыл 609 миллиард теңгеге жетті. Облыстың даму бюджетінің көлемі өткен жылмен салыстырғанда 2,5 есе артты, – деді Қамбарбек Амангелдіұлы.
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!