Келесі айдан бастап Нұр-Сұлтандағы халықаралық әуежайдың ұшу-қону жолағын жөндеу жұмыстары басталады. Осыған байланысты ұшақтар түнде қана қона алады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Азаматтық авиация комитеті таратқан мәліметке сәйкес, жөндеу жұмыстары 15 шілде мен 8 тамыз аралығында күндіз жүргізіледі. Ал түнде рейстерді қабылдау және ұшыру шаралары атқарылады.
«15 шілде мен 8 тамыз аралығында сағат 11:00-ден бастап 18:00-ге дейін Нұр-Сұлтандағы әуежайда ұшу-қону жолағын жөндеу жұмыстарын жүргізіледі», – делінген ресми хабарламада.
Комитет мамандарының айтуынша, ақпан айында әуе компанияларына тиісті ақпарат берілді. Осыдан кейін ұшу-қону жолағын жөндеу жұмыстарына қарай рейстердің кестесіне түзету енгізілді.
Сондай-ақ, мемлекеттік күзет қызметі мен «Бүркіт» әуе компаниясына ақпарат берілді. Осы ұйым мемлекет басшысына қызмет көрсетеді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!