Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Нәлібаев: Құрылыстың басына барып тексеріңіздер!

28.03.2025, 9:30 90

HALYQLINE.KZ

Қызылорда облысы әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен облыс аумағындағы құрылыстардың сапасы, мерзімінде қолданысқа берілуі, жаңа нысандар маңайының абаттандырылуы талқыланған жиын өтті. Оған қала, аудан әкімдері, жауапты сала басшылары қатысты. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұған дейінгі жиындарда аймақ басшысы жауапты тұлғаларға құрылыс нысандардағы жұмысты қатаң бақылауға алып, кемшіліктерді дер кезінде анықтап, жою туралы тапсырма берген болатын. Жиында осы тапсырмалардың орындалу мәселесі қаралды.

«Бүгінгі құрылыс алаңының орнында сапалы салынған, сәулеті мен сәні келіскен, жылдар бойы халық игілігіне жарайтын ғимарат болуы тиіс. Ол үшін, әрине сапалы материалдар пайдаланылып, кемшілік кетсе, уақытында анықталуы керек. Мердігер мекемелермен ұдайы байланыста болып, құрылыстың басына барып тексеріңіздер. Бірінші әрі басты талап – сапа, сосын жұмысты мерзімінде аяқтау да әрдайым назарда болсын, – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Сондай-ақ, облыс әкімі жаңа нысандардың аумағын абаттандыруға қатысты бірқатар тапсырма берді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: