HALYQLINE.KZ Қазақстандық «Bek Air» әуекомпаниясы 990 азаматқа 60 млн теңгенің билет құнын қайтарды. Бұл туралы ҚР сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов.
– «Bek Air» әуе компаниясына қатысты біздің министрліктің талап-арызы негізінде тоқтатылған рейстер үшін билет құнын қайтару бойынша бірнеше рет сот талқылаулары өтті. Сот талап-арыздарды толықтай қанағаттандырды. Бүгінгі таңда шамамен 60 млн теңге сомаға 990 тұтынушы өздерінің құқықтарын қорғай алды, – деді Сұлтанов бейсенбі күні халық алдындағы есепті кездесуінде.
Сондай-ақ, министрліктің мәліметінше, 2020 жылғы 6 ай ішінде жалпы сомасы 709 620 теңгеге бас тартылған іс-шаралар үшін 23 өтініш түскен. Оның 449 620 теңгесі қайтарылған. Нұр-Сұлтанда «Руки Вверх» тобының, Л.Успенскаяның концерттеріне, Белгородта «Народное творчество» фестиваліне, «Астана-Опера» театрының қойылымдарына және басқа іс-шараларға билеттер «ticketon.kz» сайты, Яндекс почта, концерт залдарының кассалары арқылы сатып алынған. Мейрамханалар мен дәмханаларда өтпей қалған әртүрлі отбасылық салтанатты шараларға қатысты жалпы 8 810 000 теңгеден астам шығынын қайтару мәселесі бойынша 50 өтініш түскен. Оның ішінде 7 895 000 теңге сомасы қайтарылды, қалған өтініштер бойынша жұмыс жүргізілуде.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!