Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Көркі келіскен көпқабатты үйлер

19.11.2025, 17:15 90

HALYQLINE.KZ

Аймақ басшысының қолдауымен облыс орталығын абаттандыру, көгалдандыру, инфрақұрылымын жақсарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жемісті іске ұласып келеді. Үлкен серпін үкілеген жаңғырту жұмыстары шаһарға шырай қосып, сәулеттік сәнін арттыра түсуде. Бұл туралы Қызылорда қаласы әкімінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Қазір қаладағы көпқабатты үйлерді әрлеп, сырлап, күтіп-ұстаудың өзі үлкен күш, бұл іс мол қаржыны қажет етеді. Ал, тұрғын үйлердің қасбетін линеарлы панельмен қаптаудың артықшылығы орасан. Ол көзтартар көркімен қатар, ұзақ жылға шыдайтындай заманауи құрылыс материалдарымен атқарылады.

Айта кету керек, осы жылы қаладағы 20 тұрғын үйді линеарлы панельдермен қаптау үшін қажетті қаржы қаралған болатын. Бас мердігер «Еңбек» РМК мекемесінің ширақ шаруасы мен сапалы жұмыстары арқасында бүгінде 5 тұрғын үйдің қасбеті қапталып бітті. Олар – А.Тоқмағамбетов көшесі №1 үй, Абай даңғылы №33 және №28 үй, Әйтеке би көшесі №27 үй, Қонаев көшесі №26 үй.

Мердігер мекеме тағы бірнеше үйдің қасбетін әрлеуге қарқынды кірісіп кетті. Олардың қатарында Назарбаев даңғылы 1, 2, 3, 4, «Шұғыла» мөлтек ауданы №58, Әуелбеков көшесі 41, 39, 36, Әбуов көшесі №8 үй бар.

Дизайны дара, түрлі бояуға бай әрлеу жұмыстары қала келбетін көріктендіруге заманауи леп қосқаны анық. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын таба береді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: