Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кент көшелері жөнделіп жатыр

12.07.2024, 10:15 95

HALYQLINE.KZ

Аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының жүзеге асырылатын жобаларды әзірлеу барысында халыққа бірінші кезекте қажетті құрылыстарға басымдық беру тапсырмасына сәйкес, Сырдария ауданы көлемінде жолдарға асфальт жабындылары төселіп, күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аудан әкімі Б.Сәрменбаев, аудандық мәслихат төрағасы Е.Әжікенов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Келдібаев Тереңөзек кентінде бірқатар көшедегі жол жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Жөндеу жұмыстарын «РиА Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Аудан әкімі мердігер мекемеге атқарылып жатқан құрылыс жұмыстарының сапалы, әрі уақытылы жүргізілуін тапсырды.

Жалпы, «Тереңөзек кенті көшелерін күрделі жөндеу» жобасы аясында А.Байтұрсынов көшесі, Б.Момышұлы көшесінің 7-8 бөліктері, Ақтам көшесі, Тансықбаев және А.Оразбаева көшелері, Бөдеев көшесінің бір бөлігі жөндеуден өтуде. Жобаға аудандық бюджеттен 247 млн теңге қарастырылып, қазіргі таңда тиісті жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетер болсақ, ауданға қарасты Қоғалыкөл ауылында 6 көше, С.Сейфуллин ауылында 6 көше және Қалжан ахун ауылындағы Қайқы батыр көшелерін жөндеуге облыстық бюджеттен 641,7 млн теңге қаржы бөлініп, күрделі жөндеуден өткізілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: