2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктердің реттеуші капиталы 10,8 трлн теңгеге жетіп, бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда, 13,9%-ға (1,3 трлн теңгеге) артты, — деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі ranking.kz порталына сілтеме жасап.
Банктің реттеуші меншікті капиталы оның қаржылық тұрақтылығын, күйзелістерге төтеп беру қабілетін, клиенттердің сенімін, ұзақмерзімді даму және өсу қарқынын байқатты. Меншікті капиталдың өсімі қаржы институтының тұрақтылығын сақтай отырып, активтер мен кредит беру көлемін арттыруға жол ашпақ.
Осы тұрақтылық пен сенімділік сияқты көрсеткіштердің өсімі бойынша қай банктердің алға шыққанын қарастырсақ, еліміздегі ірі банктердің бірі ForteBank жылдық өсім бойынша абсолютті көшбасшы атанды. Қаржы институтының реттеуші меншікті капиталы 41,1%-ға (немесе 225 млрд теңгеге) өсіп, 773,2 млрд теңгеге жетті. Тек бір ай ішінде бұл көрсеткіш тағы 5,2%-ға артты. Мәлімет үшін: банктің активтері бір жылда 25,8%-ға өскен, 2026 жылдың 1 қаңтарына қарай 5,2 трлн теңгеге жеткен – бұл да үздік ондыққа енетін ЕДБ арасында рекордтық өсім болып саналады.
Атап айтар болсақ, әлемдегі жетекші рейтингтік агенттіктер банктің жетістіктерін оң бағалады. Мысалы, 2025 жылғы шілдеде Fitch Ratings ForteBank рейтингісін «BB» деңгейінде «Тұрақты» болжаммен растады, әрі сол айда Moody’s Ratings ForteBank-тің ұлттық және шетел валютасындағы депозиттерінің ұзақмерзімді рейтингісін Ba2 деңгейінде «Оң» болжаммен бекітті. «Үлкен үштіктің» екеуі де расталған рейтингтердің банктің тұрақты қаржылық жағдайын (тұрақты капитал, жоғары өтімділік пен рентабельдік, сапалы активтер және тәуекелдерді тиімді басқару) көрсететінін атап өтті. Сонымен қатар, агенттіктер ForteBank-тің өзінің өтімді қаражаты есебінен «Home Credit Bank» АҚ-дағы (Қазақстан) 100% үлесті сатып алу мәмілеcін де оң бағалады.
Назарыңызға ranking.kz порталы жариялаған дерекке сәйкес, ЕДБ-ның өткен жылғы табысын диаграмма арқылы ұсынамыз.

Коллаж бен диаграмманы ЖИ арқылы жасаған тілші.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!