Қаржы министрлігі «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет» туралы заң жобасын әзірледі. Құжатта 2024 жылы айлық есептік көрсеткіш (АЕК) қанша болатыны көрсетілген. Бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланған.
Заң жобасына сәйкес, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш 3692 теңге болып бекітілді.
АЕК жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдерді есептеу үшін қолданылады.
Биылғы жылғы АЕК мөлшері – 3450 теңге.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап:
– ең төменгі жалақы (МВт) – 70 000 теңге;
– айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3692 теңге;
– мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 28 215 теңге;
– ең төменгі зейнетақы – 57 853 теңге;
– базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі – 43 407 теңге болады.
Заң жобасына сәйкес, 2024 жылғы бюджеттің салықтық түсімімі 20 194 797 994 теңге деп есептелген.
Қоғамдық талқылау 4 қыркүйекке дейін жалғасады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!