HALYQLINE.KZ Желіде “Қазақстанға жылына мұнайдан түсетін таза пайда 40 миллиард $” деп айтып жатқан посттарды байқап қалдым. Еліміз егемендік алған жылы 25 миллион тонна мұнай өндіретін, қазір 2019 жылғы МЭ дерегіне сүйенсек көрсеткішіміз 90 миллион тоннаға жетті. Қазақстан ішкі тұтынысына 17 миллион тонна қалдырады. Сыртқы сауданың еншісі – 73 миллион тонна.
1 тонада 6.4 баррель бар 73000000*6.4=467200000 баррель, бұдан техпотерь алып тастасақ, шамамен 12000000 баррель 455200000 баррель қалады. Мұнай бағасы соңғы үш жылда орта есеппен 60 $ құрады, бұл – брент құны, ал біз урлспен сатамыз, демек 7 $ кем болады. Сонымен біздің мұнайдың нақты құны – 53 $. 455200000*53=24 миллиард АҚШ доллары. Бұдан мұнайды өндіру құны мен тасымалдауын алып тастасақ, шамамен 22$ болады, 4552000000*22=10 миллиард АҚШ доллары, қорытынды 24-10=14 миллиард $. Бұны жобаға қатысып отырған инвесторлар арасында бөлсеңіз, кей жобаларда инвесторлар саны жетіеуден асады. Қазақстанның таза пайдасы қанша болмақ? Негізі біздің мемлекеттің жылдық бюджеті 30 миллиард АҚШ доллары шамасында немесе 12 триллион теңге құрайды. Енді қайдағы 40 миллиард $ турала әңгіме?
Таза мұнайдан табатын табысымыз көп емес, біз салығы қымбат мемлекеттер қатарына жатамыз. Бұл көрсеткіш бойынша АҚШ-тан кейін тұрмыз, негізгі түсім салықтан келеді. Ұлттық қор және салықтық төлем арқылы Қазақстанның мұнай табысы 5 триллион теңге болады. Мұнай пайдасының қарапайым есебі осындай, ағайын. Тыңғылықты талдау жүргізбей “Ұлт-ұлт” деп ұрандаудың құны – құнсыз соқыр ділдә!
Рашид ЖАҚСЫЛЫҚОВ
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!