«Үкімет бұған дейін «экономикалық серпіліс», «потенциалды өсіру», «үдемелі индустрия» деген әдемі сөздерді жиі айтты. Бізде экономикаға ақша бүгін құйылады, бірақ одан күтілген нәтиже кешігеді. Тіпті кейбір жобалар нәтижесіз болып шығады. Бұған қоса импорттық құрылғылар мен материалдарға инвестицияның басым бөлігі жұмсалады. Осыдан барып шетел валютасына сұраныс артады. Бұл маусымдық факторлармен бетпе-бет келіп, жағдайды одан әрі ушықтырады. Осыған дейін үкімет пен реттеуші органның «инфляция – қалыпты құбылыс» деген мәлімдемелері де ақша-несие саясатына деген сенімді шайқалтты.Инфляция ұдайы жоғары болып тұрса, ақша-несие саясаты нашар жүргізілсе, ал бюджеттік шығыстар мен салық саясаты сауатты болмаса ұлттық валютаға қысым түсе береді. Инфляция қарқындайды. Бұдан халық экономиканың өскенін сезінбейді. Қазір де доллар қымбаттап жатыр. Ішкі нарыққа қатты қысым түсуде. Елдің жағдайы жақсарып, әлеуметтік ахуалы артуы үшін ЖІӨ бұдан да екі есеге артуы тиіс. Сол кезде ғана экономикаға қаражат ағылып келіп жатқаны, инвестициялық жобалардың пайда беріп жатқаны көрінеді».
Ілияс ИСАЕВ,
қаржыгер.
(«Жас Алаш» газетіне берген пікірінен)
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!