Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Белкөлдегі берекелі істер

05.08.2025, 10:40 171

HALYQLINE.KZ

Белкөл кентінің әкімі Жасұлан Сәду бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне І жартыжылдықта атқарылған жұмыстар бойынша баспасөз конференциясын өткізді, деп жазады Қызылорда қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

— Кентті абаттандыру бағытында биыл тұрғындардың сұранысына сәйкес №1, 11, 12 көпқабатты үйлердің ауласына асфальт жол төселіп, автотұрақ салынды. Осы аталған көпқабатты 3 үйдің шатыры жөндеуден өтті. 8 көшеде күрделі жол жөндеу, 7 көшеде түнгі жарықшамдарын орнату жұмыстары басталды. Сондай-ақ, «Батыс Қытай-Батыс Европа» автожолының бойындағы «Лиза» бейіті қоршалды, — деді кент әкімі Жасұлан Хабидуллаұлы.

Кентте 464 шағын кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істеуде. Жыл басынан бастап 79 кәсіпкерлік субъектісі тіркеліп, 81 тұрақты жұмыс орны ашылды.

«Бизнес-Бастау» бағдарламасы аясында 6 тұрғын 9,4 млн қайтарымсыз грантқа ие болды. Ал, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жалпы құны 24,6 млн теңгені құрайтын 3 жоба қаржылай қолдауға ие болды. Сонымен қатар, кәсіпкерлікті дамытудың түрлі мемлекеттік бағдарламалары аясында ұсынылған 11 жоба мақұлданып, 284,8 млн теңгеге қаржыландырылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: