Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Белкөл кентінде қандай жұмыстар атқарылды?

06.03.2024, 10:55 189

HALYQLINE.KZ

Қызылорда қаласы әкімі баспасөз қызметінің жазуынша, әкімдіктегі баспасөз орталығында өткен брифингте Белкөл кентінің әкімі Жасұлан Сәду 2023 жылы Белкөл кентінде атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы баяндады.

Өткен жылы кенттің инфрақұрылымын дамытуда ауқымды жұмыстар жүзеге асырылды. Мәселен, Орталық көшеге және Бірлік көшесінің мектепке дейінгі аралығына жаяу жүргіншілер жолы салынды. Ал, Жерұйық, Путейцева тұйығы, Әбдіқадыров №4, №2, №6, №9 көшелеріне қиыршық тас төселіп, Сарыарқа және Путейцев көшелеріне асфальттау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, темір жол өткелі арқылы өтетін жаяу жүргіншілерге арналған көпір құрылысы толығымен аяқталып, пайдалануға берілді.

– Кенттің инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстар биыл да жалғасын табады. Тұрғындардың сұранысына сәйкес кенттегі К.Әбдіқадыров көшесіне жаяу жүргіншілер жолы салынады. Ал, Жерұйық, Сарыарқа, Бірлік көшелеріне электр желісі тартылатын болады. Сондай-ақ, Бірлік, Путейцева көшелеріне түнгі жарық бағаналары орнатылмақ, – деді кент әкімі Жасұлан Хабидуллаұлы.

Өткен жылы кәсіпкерлікті дамытудың түрлі мемлекеттік бағдарлама аясында ұсынылған 13 жоба мақұлданып, 178,4 млн теңгеге қаржыландырылған. Оның ішінде кірсабын жасап шығару, ағаш шеберханасы, жүк тасымалы, бұқаралық спортты дамыту, стоматология саласы, ет өнімдерін өңдеу мен консервілеу сынды жобалар бар.

Бұдан бөлек, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба бағдарламасының қайтарымсыз қаражаты есебінен 10 жоба грантқа қол жеткізді. Соның нәтижесінде, кентте өткен жылдың өзінде жаңадан 125 кәсіпкерлік субъектісі тіркеліп, 139 тұрақты жұмыс орны ашылды. Бүгінде кентте барлығы 403 шағын кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істеуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: