Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Балық экспорты ұлғаяды

17.02.2021, 11:25 384

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова халық алдындағы алғашқы есепті кездесуі басталды. Онда 2020 жылғы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары айтылады. Айта кетейік, есеп беру эпидемиологиялық ахуалға байланысты онлайн режимде өтіп жатыр.

Онда аймақтағы балық шаруашылығы саласына аса мән беріліп жатқандығын да айтты.

 – Балық саласының даму әлеуеті зор. Бұл сала мемлекет тарапынан субсидияланған. 2020 жылы біз балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі өңірлік бағдарламасын әзірледік. Оған шамамен алдағы жылдарда кезең-кезеңімен 29 млрд теңге бағытталатын болады. Нәтижесінде тауарлық балық көлемі 110 есеге артып, балық өнімдерінің экспорты қазіргі 4,2 мың тоннадан 8,5 мың тоннаға дейін ұлғаяды, – деді облыс әкімі.

2030 жылға дейін кемінде 55 көл-тауарлы балық өсіру шаруашылығы, 12 тоған және 16 тор шаруашылығы құрылып, 3 жабық сумен жабдықтау құрылғысы салынатын болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: