Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Байқоңыр қаласында тұрғын үй құрылысы қарқынды

05.12.2025, 15:25 20

HALYQLINE.KZ

Бүгінде Байқоңыр қаласында жүргізіліп жатқан тұрғын үй құрылысының барысы тұрақты бақылауда. Осыған орай Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Самат Смағұлов, сондай-ақ аудандық мәслихат депутаттары Еркін Рзалиев және Абай Джакешов қалада салынып жатқан 50 пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылысын аралап, жұмыстың қазіргі жай-күйін көрді.

Қазіргі уақытта бұл нысандарда пәтердің ішкі қабырғаларын әрлеу және тұрғын үйдің ауласын абаттандыру жұмысы жүргізіліп отыр. Басшылар құрылыстың белгіленген уақытында аяқталуы мен сапасына көңіл бөліну қажет екенін атап өтті.

Сондай-ақ сапар барысында су бұру жүйелері және реконструкциялау жұмысы да талқыланып, жауапты мердігерге жобаның сапасы мен мерзімін қадағалау тапсырылды.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: