Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 70-тей жоба жүзеге асырылуда

15.07.2024, 18:50 82

HALYQLINE.KZ

Биыл Қызылорда облысының 39 ауылдық елді мекенінде «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы шеңберіндегі 69 жобаны жүзеге асыруға 11 млрд теңге қаралды.

Жыл басынан бері 5,6 млрд теңге игерілді. Атап айтсақ, білім саласында 2, денсаулық саласында 1, мәдениет саласында 4, спорт саласында 8 жоба жүзеге асуда. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мұнан бөлек, электрмен қамту бойынша 14, газдандыру бойынша 1, ауызсумен қамту бойынша 2 жоба қолға алынбақ. Көлік инфрақұрылымы саласында 35, абаттандыру саласында 2 жоба бар.

Жоспар бойынша 36 жоба биыл аяқталып, пайдалануға берілетін болады. Олар – дәрігерлік амбулатория, 2 спорт кешені, электрмен қамтудың 4, ауызсумен қамтудың 1, білім беру нысанын күрделі жөндеудің 2 жобасы және көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша 26 жоба.

Қалғаны келесі жылы ел игілігіне табысталады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: