Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аудан басшысы «Liaoning Honda» компаниясының өкілдерін қабылдады

21.03.2026, 21:40 40

HALYQLINE.KZ

Жаңақорған ауданының әкімі Мажит Самитов тау-кен саласында жұмыс істейтін «Liaoning Honda» компаниялар тобының Қазақстан Республикасындағы басқарма төрағасы Дэн Сяоцзюньды қабылдады, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Кездесу барысында тараптар өңірдің инвестициялық әлеуетін арттыру, өндірістік жобаларды жүзеге асыру және өзара тиімді әріптестікті дамыту мәселелерін жан-жақты талқылады.

Аудан басшысы инвесторларды ашылатын өндіріс орындарына тұрақты жұмыс орындарын құруға және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына белсенді үлес қосуға шақырды.

Өз кезегінде компания өкілдері аудан әкімдігімен әріптестік орнатуға мүдделі екендіктерін білдірді.

Айта кетейік, «Liaoning Honda» компаниясы Шалқия өңірінен «Бурабай — Жалғызағаш» қорғасын-мырыш кен орнын игеру бағытында инвестициялық жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Бұл жоба іске асқан жағдайда өңірде жаңа жұмыс орындары ашылып, өндірістік әлеует артып, аудан экономикасының дамуына тың серпін береді деп күтілуде.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара ынтымақтастықты нығайтуға және бірлескен жобаларды тиімді жүзеге асыруға келісті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: