Бұған дейін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев автогаз құю бекеттері арқылы сұйытылған мұнай газын сату мәселелеріне, атап айтсақ, бағаны реттеуге қатысты нақты тапсырма берген болатын. Газ құю бекеттеріндегі кезекті, лимит қоюды, басқа да шектеулерді мүлде алып тастауды міндеттеген. Сондай-ақ, жоғары баға қоятын, әлеуметтік газды сату талаптарын сақтамайтын кәсіпкерлермен келісімшарт бұзылатынын ескертті.
Еске салайық, Кызылорда облысының аумағындағы автогаз құю бекеттерінде газдың қосылған құн салығы бар шекті бөлшек сауда бағасы 1 литр үшін 70 теңге, облыс орталығынан шалғайдағы аудандарда (200 шақырымнан астам) 75 теңге болып бекітілген.
Бүгінде облыс әкімінің ұсынысына сәйкес өңірлік операторлар қала аумағында газды 65 теңгеден сатуда.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!