Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Асылбек Шаменов: Міндетіміз – сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету

17.11.2023, 11:00 214

HALYQLINE.KZ

Биылғы жылы облыс әкімінің қолдауымен қаламызда ауқымды жұмыстар жүзеге асуда. Солардың қатарында электр желілері мен қосалқы станцияларды жаңарту шаралары да бар, деп жазады қала әкімінің баспасөз қызметі.

Қала әкімі Асылбек Шаменов «Саяхат» тұрғын ауданындағы «Силикатная» 35/10 кВ қосалқы станциясы мен Т.Рысқұлов көшесіндегі №36 блоктық жиынтық трансформаторлық қосалқы станциясының жұмысын пысықтады.

Биылғы жылы тозығы жеткен электр желілерін ауыстыру үшін республикалық бюджеттен 1,5 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді. Соның нәтижесінде қаланың орталық аймақтары, Шұғыла, Арай, Сәулет, Әл-Фараби, КБИ мөлтек аудандары мен Қызылжарма ауылдық округінде барлығы 35 дана заманауи қосалқы станция іске қосылды. Сонымен қатар, Қызылорда қаласының орталық аймақтары, ДЭУ, Универсам, Южный, Ақмешіт, Ипподром, Шанхай мөлтек аудандары мен Гагарин, Титов қыстақтарындағы 25 дана қосалқы станцияға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Қазіргі таңда қайта жаңғырту бағдарламасы аясында 27,04 шақырым болатын 10/0,4кВ электр желілері қайта жаңғыртылуда.

Шаһар басшысы жауапты тұлғаларға құрылысты сапалы орындап, өз мерзімінде аяқтауды, қысқы маусымда тұтынушыларды сапалы электр желісімен қамтамасыз етуді тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: