Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ақжармадағы айшықты істер

08.08.2025, 16:00 226

HALYQLINE.KZ

Қызылорда қаласына қарасты Ақжарма ауылдық округінің әкімі Саттар Әбдіреев бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне І жартыжылдықта атқарылған жұмыстар бойынша баспасөз конференциясын өткізді. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

— Баймұрат батыр ауылының жаңадан қалыптасқан көшелеріне тасжол салуға қаржы қаралып, 19 көшеде тиісті жұмыстар жүргізілді. Алдағы уақытта «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде Талдыарал елді мекенінің 1-ші көшесіне көше жарығы орнатылады. Мұнан бөлек, бірқатар жобаны жүзеге асыруға бюджетке өтінім берілді. Олардың қатарында, су тарату насосы мен аяқ су жүйесінің құрылысы, 5 көшеге жаяу жүргіншілер жолын салу жобалары бар. Ал, 10 көшеге ауызсу құбырын тартуға, жабық спорт кешенін салуға демеушілік негізінде жоба-сметалық құжаттары әзірленуде, — деді ауылдық округ әкімі Саттар Бейбітұлы.

Кәсіпкерлікті қолдау бағыты бойынша мемлекеттік бағдарламалар аясында жылыжай мен көлік жөндеу орталығына қатысты ұсынылған жобалар қаржыландырылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: