Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ақсуаттағы ауқымды жұмыстар

12.08.2025, 12:15 205

HALYQLINE.KZ

Қызылорда қаласына қарасты Ақсуат ауылдық округінің әкімі Нұрболат Бақытов бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне І жартыжылдықта атқарылған жұмыстар бойынша баспасөз конференциясын өткізді, деп жазады қала әкімінің баспасөз қызметі.

— Өткен жылы ауылдық округтің инфрақұрылымын дамыту мақсатында ұзындығы 22,5 шақырым болатын 32 көшеге электр желісін тарту және 4 көшеде жол жөндеу жұмыстары басталған болатын. Биыл бұл жұмыстарды жалғастыруға тиісті қаржы бөлінді. Сондай-ақ, 18 көшеге жол құрылысын жүргізу және 4 көшені қайта жаңғырту жалғасуда. Ал, 1,22 шақырым болатын А.Арысбаев, Орманбаев, О.Жакенов көшелеріне түнгі жарық бағаналары орнатылды. 7 көшеге түнгі жарық бағаналарын орнату үшін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арқылы мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды. Мұнан бөлек, ұлттық спортты дамыту мақсатында жер телімі белгіленді, — деді ауылдық округ әкімі Нұрболат Бақытұлы.

Мемлекеттің шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауының нәтижесінде ауылдық округ бойынша 602 кәсіпкерлік субъекті жұмыс істеуде. Кәсіпкерлікті дамытудың түрлі мемлекеттік бағдарламалары аясында ұсынылған 11 жоба мақұлданып, 281 млн теңгеге қаржыландырылды. Оның ішінде 8 жоба «Ауыл аманаты» жобасы аясында 46 млн теңгеге қаржыландырылды. Мұнан бөлек, 18 кәсіпкердің 28,3 млн теңгені құрайтын 18 жобасы мемлекеттік қайтарымсыз грантқа ие болды.

Қаржылай қолдауға ие болған жобалар қатарында ағаш шеберханасы, ара шаруашылығы, темір бұйымдар өндірісі мен массаж орталығы, жылыжай кешені, кондитерлік, шағын тігін цехы, құрылысқа қажетті пескоблок, бордюр, брусчатка өнімдерін шығару және автокөліктерді жөндеу сынды цехтар бар.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: