HALYQLINE.KZ 2020 жылғы мамырда ел тұрғындары екінші деңгейдегі банктерден және банктік емес айырбастау пунктерінен жалпы салмағы 62 мың 165 грамм 1467 өлшеуіш құйма сатып алған. Барлығы 2017 жылдан бастап жалпы салмағы 845 060 грамм 25968 өлшеуіш құйма сатылды.
Алтын құймалары 5, 10, 20, 50 және 100 грамм түрінде ұсынылған. Сатып алушылар арасында 10 грамдық құйма ең көп сұранысқа ие. Сатудың жалпы көлемінен оның үлесі 6969 дананы (27%) құрайды. Одан кейін 5 грамдық – 6 050 дана (23%), 20 грамдық – 4 966 дана (19%), 100 грамдық – 4 933 дана (19%), 50 грамдық 3050 дана (12%) болып тұр.
Құймаларды сатып алу бойынша өңірлер арасында көш бастап тұрған әзірге Алматы қаласы. Одан кейін Атырау, Нұр-Сұлтан және басқа өңірлер. Кері сатып алуға жалпы массасы 3 010 грамм 106 өлшеуіш құйма қабылданды. Бұл алтын құймалары инвестициялаудың және жинақты жинаудың ұзақ мерзімді құралы болып табылады. Қазіргі кезде алтын құймаларын Halyk Bank-тен, Еуразиялық Банктен, Jýsan Bank-тен, Банк ЦентрКредиттен, сондай-ақ банктік емес айырбастау пунктерінен сатып алуға және оларға кері сатуға болады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!