Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі макрокөрсеткіштері бойынша оң өсім қалыптасқан. Аймақтың өнеркәсіп өндірісінің көлемі өткен жылмен салыстырғанда 105,0 пайызға артқан. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында саладағы оң өзгерістерді баяндадған облыстық экономика және қаржы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Фарида Аббасова айтты.
– Биыл өңдеу өнеркәсібінде өндірілген өнімнің көлемі өткен жылмен салыстырғанда 37,5 пайызға артық орындалған. Өсім негізінен резеңке және пластмасса бұйымдарын өндірудің 13,9 пайызға, химия өнеркәсібінің өнімдерін өндіру 7,7 пайызға, металлургия өндірісінің 148,8 пайызға және жеңіл өнеркәсіп 43,5 пайызға артуы есебінен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, биыл Бірыңғай индустрияландыру картасы аясында облыста 87 жұмыс орны құрылатын 2 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Олар – «Нан-тоқаш кондитерлік, макарондық өнімдер өндіру кешені» және «Күріш ақтау зауытының құрылысы». Одан бөлек, ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі өткен жылғы осы кезеңнің 104 пайызын құрап отыр. Ал, осы жылдың 1 тоқсанындағы жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайыз болып отыр, – деді Фарида Әубәкірқызы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!