Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әлеуметтік нысандар құрылысы қарқынды

13.09.2023, 9:50 159

HALYQLINE.KZ

Қызылорда облысында жыл басынан бері 8 айда әлеумeттік нысандар құрылысына мемлекеттік бюджеттен 23,7 млрд теңге бөлінген. Бұл қаражатқа 37 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілуде. Олар – 10 білім беру, 20 денсаулық сақтау, 3 мәдениет, 3 спорт және 1 мемлекеттік орган ғимараты. Ал, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен 10 мектеп салуға республикалық бюджеттен 19,6 млрд теңге бөлініп, құрылыс басталды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, облыстық құрылыс басқармасы 12 нысанның жоба-сметалық құжаттамаларын әзірлеп, сараптаманың оң қорытындысын алған. Жобалардың жалпы құны – 35,585 млрд теңге. Атап айтсақ, 8 білім беру нысанының (7 мектеп, 1 Оқушылар сарайы) құны – 6,662 млрд теңге, 2 спорт нысаны 27,979 млрд теңгеге, көпфункционалды кешеннің сыртқы инженерлік желілері 110,661 млн теңгеге салынады.

Сол жағалауда жолаушыларға жайлы жаңа автовокзал бой көтереді.

Тағы да 31 нысанның, яғни 15 білім беру, 14 денсаулық сақтау, 2 мәдениет нысанының құжаттамалары әзірленуде.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: