Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әлеуметтік-инфрақұрылымдық нысандарды көрді

09.04.2026, 18:00 32

HALYQLINE.KZ

Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасымен облыс әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің Байқоңыр кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай Қазалы ауданында жұмыс сапарымен болып, кейінгі жылдары іске қосылған әлеуметтік-инфрақұрылымдық нысандарға арнайы барды. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алдымен Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Жанқожа батыр ауылында салынған 300 орындық мектептің жағдайын зерделеді. «Асар» серіктестігі салған білім ордасы өткен жылдың наурыз айында пайдалануға берілген. Заманауи құралдармен толық жабдықталған 23 оқу кабинеті, STEM, робототехника, хореография бөлмесі, спорт залы, кітапхана және асханасы бар. Оқушыларға сапалы білім беруге барлық жағдай жасалған.

Қазір мектепте 285 оқушы білім алуда.

Келесі нысан – теміржол вокзалы ғимараты мен вокзал аумағы. Өткен жылы «Строймодуль Астана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аумақты абаттандыру жұмыстарын бастаған болатын. Қайрат Ырзақұлұлы мердігер мекеме өкілдеріне қайта жаңғырту аймақ басшысының тікелей бақылауында екенін айтып, жұмысты қысқа мерзімде аяқтауды тапсырды.

Бұдан бөлек, 2022 жылы пайдалануға берілген «Өрімтал» балабақшасын, Қазалы ауданы әкімдігі ғимаратын көріп шықты. Әкімдік ғимаратын 2018 жылы «Промстройсервис» серіктестігі салып, 2019 жылы пайдалануға берілген. Әкімшілік және кеңсе бөлмелері заманауи стандарттарға сай жабдықталған, қызмет көрсету инфрақұрылымы қалыпқа келтірілген, техникалық қызмет көрсету және абаттандыру жұмыстары тұрақты жүргізілуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: