Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Абаттандыру жұмыстарын аудан әкімі бақылауына алды

01.12.2025, 9:40 70

HALYQLINE.KZ

Бүгінде Қазалы ауданының орталығындағы теміржол вокзалы аумағында абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Аталған жұмыстар жолаушыларға қолайлы жағдай жасау, теміржол бойындағы аумақтың эстетикалық келбетін арттыру және санитарлық тазалықты сақтау мақсатында қолға алынған.

Абаттандыру аясында вокзал алдындағы Әйтеке би ескерткіші алаңындағы жаяу жүргіншілер жолы жөнделіп, заманауи үлгіге сай, ерекше көрік беретін қоршаулар, аялдамалар орнатылуда.

Аудан әкімі Алмасбек Есмаханов вокзал аумағындағы жұмыстарды аралап көріп, атқарылып жатқан жұмыстарға байланысты бірқатар кемшілікті шұғыл жөндеуді және мердігер мекеме «СтроймодульАстана» ЖШС-ның жауапты өкіліне белгіленген жұмыстарды тезірек күн суытпай тұрғанда сапалы етіп аяқтауды тапсырды.

Бұл жұмыстар – аудан келбетін жақсартуға және тұрғындар мен қонақтардың жайлылығы үшін жасалып жатқан нақты істердің көрінісі.

Айта кету керек, бүгінде 120 жылдық тарихы бар теміржол вокзалы да қайта жаңғыртылып, теміржол үстінен өтетін жаяу жүргіншілер көпірі де қайта салынуда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: