Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

А.Мамин: Ел тарихында мұндай жұмыс жүргізілген жоқ

21.04.2020, 16:58 505

HALYQLINE.KZ –| 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында республикалық маңызы бар автожолдардың 100%-ын (21 мың шақырым жолды салу, реконструкциялау және жөндеу), облыстық және аудандық маңызы бар автожолдардың 95%-ын (27 мың шақырымын жөндеу) жақсы және қанағаттанарлық жағдайға келтіру жоспарланған. 112 инфрақұрылымдық жоба іске асырылады, 550 мың тұрақты және уақытша жұмыс орны құрылады. 

Премьер-Министр биыл жалпы ұзындығы 4 мың шақырым болатын республикалық автожолдарды салу және реконструкциялау жұмыстарына 200 мыңнан астам қазақстандық тартылатынын атап өтті. Талдықорған – Өскемен, Қарағанды – Балқаш – Қапшағай, Қалбатау – Майқапшағай, Мерке – Бурылбайтал, Үшарал – Достық, Ақтөбе – Астрахань, Ұзынағаш – Отар, Петропавл – Ресей шекарасы, Қостанай – Денисовка сияқты учаскелерде 2,6 мың шақырым жолда қозғалыс ашылады.

«Биыл пайдалануға берілетін республикалық маңыздағы жолдар көлемі өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 4 есе артық. Жергілікті маңызы бар жолдар бойынша биыл 3,5 мың шақырым жол жөндеуден өткізіледі. Қазақстан тарихында бұрын-соңды мұндай ауқымда жұмыс жүргізілген жоқ, сондықтан біздің міндетіміз – оларды толығымен орындау. Барлық күшті жұмылдыру қажет», – деді А.Мамин Үкіметтің селекторлық отырысында.

Үкімет басшысы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне әкімдіктермен және «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-мен бірлесіп, осы жылы жоспарланған көлемнің уақытылы пайдалануға берілуін қамтамасыз етуді, реконструкцияланған 5,7 мың шақырым учаскелерде (Қапшағай – Талдықорған, Қызылорда – Шымкент – Тараз, Нұр-Сұлтан – Павлодар және т. б.)  автомобиль жолдарында төлем жүйесін енгізу жұмысын аяқтауды тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: